Танымал америкалық режиссер Елбасы туралы фильмнің трейлерін жариялады

3706
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/e17fabda-1270-4580-8cc7-319c004b9b0b.jpeg
Танымал америкалық кинорежиссер, Оскар сыйлығының иегері Оливер Стоун “QAZAQ History Of the Golden Man” («QAZAQ: Алтын адамның тарихы») деректі фильмінің трейлерін ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Туындыда Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан туралы айтылады. Сондай-ақ Оливер Стоунның Елбасымен болған сұхбатынан үзінділер келтірілген. Жоба авторы деректі фильмнің сегіз сағатқа созылатынын мәлімдеді.
«Назарбаевты өзіңіз қалағандай атаңыз: диктатор, мықты адам, тиран, құрылтайшы. Десе де, соңында сіз елдің тәуелсіз болуын маңызды деп санайтын, ядролық қарудан бас тарту туралы ойлайтын қарапайым адамды көресіз»,—деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии