Коронавирус: 144 адамның жағдайы аса ауыр

3703
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/bir-960x500.jpg?token=c03c9c7142c71d2fc0d8a2c860d11bb5
4 шілдеде Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 22 адам қайтыс болды. 144 науқастың жағдайы аса ауыр, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап. 6 шілдедегі мәлімет бойынша, 33 029 адам коронавирус инфекциясынан (31 703 КВИ+ және 1 326 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде: 10 041 пациент стационарда, 22 988 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 633 адамның жағдайы ауыр, 144 пациенттің жағдайы өте ауыр, 76 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Комментарии