Моңғол халқы қазақтардың бір бөлігі болған

4692

Алтын Орда — Қыпшақ/Қазақ хандығы

Алтын Орда туралы көптеген ғылыми деректер мен дәлелдемелердің тікелей қазақ халқының еншісінде болғанына қарамастан, қазіргі кезде осынау алып империяны тек моңғол халқымен байланыстыру үрдісі басымырақ екені белгілі. Мұның негізгі себептерінің бірі- қазақстандықзерттеушілердің орыс тілді дереккөздерге сүйенуі. Олай демеске амал жоқ. Өйткені қазақ тілді деректерде Қыпшақ хандығы XI ғасыр мен XIII ғасырдың басы, яғни 1128-1219 жж. аралығын қамтиды. Сонымен қатар қазақ тілді деректерде Алтын Орданы Дешті Қыпшақ деп те атайды. Бірақ Дешті Қыпшақты Қыпшақ Хандығы деп мойындамайды.  

Ағылшын тілді Wikipedia еркін энциклопедиясы мен Britannica энциклопедиясында Алтын Орданың атауы Ұлы Ұлыс немесе Қыпшақ хандығы деп берілген. Және де осы ағылшын тілді деректерде Алтын Орданың, яғни Қыпшақ Хандығының күйреуі 1466 жыл деп көрсетеді. Қазақ Хандығы мен Қырым Хандығы аумағы алты миллион шаршы шақырымды құрайтын Алтын Орда Қағанатының бір бөлігі екендігін және Қазақ Хандығы 1847 жылға дейін, Қырым Хандығы 1783 жылға дейін өмір сүргенін нақты көрсетеді. Ағылшын тілінде нұсқауы мынадай: «The Crimean Khanate and the Kazakh Khanate, the last remnants of the Golden Horde, survived until 1783 and 1847 respectively». Ұлы Ұлыс немесе Қыпшақ хандығы– Алтын Орданың ең алғашқы атауларының біріекенін қадап айтады.

Ұлы Ұлыс – ең үлкен, орталық мемлекет. Ұлы Ұлыс Моңғол империясының географиялық қана емес, мәдени және саяси орталығы болып табылатын. Қағанаттың негізгі тілі Қыпшақ тілі болды. Демек Қыпшақ Хандығы, Дешті Қыпшақ,Алтын Орда Қағанаты және Қазақ Хандығы- ұланғайыр бір мемлекеттің әр түрлі атауы.  Солай бола тұрса да, әлі кезге дейін Алтын Орданы моңғолдың еншісіне тиісті дейтіндер бар. Ал ол дәуірде моңғол мемлекеті болмаған, өйткені қазіргі Моңғол мемлекеті - тек Шыңғысхан империясы құлдарағаннан кейін ғана пайда болған. Ал Моңғолияның тарихшылары ата-бабаларын сақтар мен ғұндардан таратады. Бұл жерде сақ пен ғұн қыпшақтардың, яғни қазақтардың тарихи атауыекеніне баса назар аударамын. Қытай деректерінде моңғолдарды татар деп атаған. Ал татар халқы қыпшақ тілінде сөйлейді. Сонда моңғол, қыпшақ, қазақ, татар деп отырғанымыз- бір халық.

Кеңестік және ресейлік тарих ғылымдарының докторы Светла́на Алекса́ндровна Плетнёва Қытай деректерінде Қыпшақ атауы алғаш рет б.д.д. III – II ғасырларда кездескенін айтқан. Ол жазу екі иероглифпен Чин-Ча деген атауды білдіргенін айтқан. Қыпшақтардың ата-бабалары – Си, Сарыжәне қытай деректеріндегі Сюэянто IV-VII ғасырларда Моңғол Алтайы мен Тянь-Шань арасындағы далада көшіп жүріпті.

Осы орайда сары сөзіне тоқталсақ: Алтын Орда дегеніміз — Сары ошақ, Сары Орда немесе Қыпшақ Ордасы. Менің осы пікірімнің ең қарапайым дәлелі – Алтын Орданың астанасы Сарай, Сарай Бату, Сарай Берке аталуы. Сарай – Сары Ай сөздерінен біріккен сөз. Сары – алтын, күн және от сөздерінің синонимі. Прото моңғол тілінде: čaki-«от», sara –«ай». Протокорей тілінде tắr сөзі «ай» деген мағынаны беруіне де көңіл бөлу керек. Өйткені тарихи деректерде моңғолдарды татар немесе тартар деп атаған.  Прототүрік тілінде де Сары сөзінің мағынасы - «Құба»- қыпшақ сөзінің түбірі. (PTurk. Koba (сары, сұр)). Сары түс- Алтын түс пен Күн түсінің синонимі. Алтай тілдері тобына кіретін ежелгі жапон тілінде сары сөзінің түбірі kú-i сары сөзі, ежелгі қытай тіліндегі hu-p(құп) сөзінің түбірінен алынған. Тұжырымдай келе,Алтын Орда- Сары Орда- Сары Ошақ- Құба Ошақ- Қыпшақ, яғни «қыпшақ» сөзі – «сарай» (сары ай (-шық), айдың жарқырауы)), «алтын ошақ», «сары шаққыш» (сары ошақ, сары от жақ, құба шақ, құп ошақ) сөздерінің баламасы.

Бір қызығы ай сөзі ағылшын тілінде мун, алтын –гөулд деп аударылады. Мунгөулд, яғни - Сар(ы)ай болып тұр.  

Енді Қазақ пен моңғол сөздерінің байланысын тауып көрейік. Қазақ та , моңғол да тәңіріге сиынған. Ол үшін, ең алдымен, тәңірі сөзінің ПА (прото-алтай) тілінде t῾aŋgiri, ПТ (прото-түркі)тілінде teŋri / taŋrɨ ПМ (прото-моңғол тілінде) taŋgarag болып келетінін, ал бұларға ПА ăŋatV ПМ aŋgir; ПТ Ăŋ(k)ɨt, яғни «үйрек» сөзінің жақындығын атап өткен дұрыс. Үйрек құсының қаз тұқымдас екенін ескерсек, онда қаз және тәңірсөздерінің бір түбірден екеніне көз жеткізуге болады.

Алтын Орда жөнінде әлі кезге дейін бір тұжырым болмауының негізгі себептерінің Қазақатауының көп мағыналы сөз ретінде қаралмауында. Көп мағыналы Қазақ атауындағы түбір сөз қаз болып табылады. Қаз- құстың бір түрі. Бұл сөз,менің зерттеуімше, ежелгі шумер тілінде hazu«қаңқылдақ құс», hu «құс» ретінде кездеседі және Шумер халқының бір атауы. Сонымен бірге қаз құсы хұн, түркі, моңғол халықтарының аңызына сәйкес Тәңірі атауының синонимі болып есептеледі. Өйткені екі халық та Тәңіріге сиынған. Ал Тәңірі ерте замандағы түркі аңызы бойынша уақыттың өзі іспеттес телегей судың үстінде үнемі ұшып жүретін Ақ Қаз ретінде бейнеленген. Енді протомоңғол тіліндегі  galaɣu(n) және моңғол тіліне туыстас тілдердегі Galū сөздері қаз немесе жабайықаз деген мағынаны ескерсек, моңғол сөзінің де қазға байланысты екенін білдіретініне көзіміз жетеді.

Демек, моңғол халқы XV ғасырға дейін қазақтардың бір бөлігі болған.  

Оның үстіне, Шыңғысханның бөржігіннен, оның ішінде Қабыл батырдан өрбуі, моңғол халқының бес таңбалы Қыпшақтың Мұрынынан, ал Шыңғысханның өзі елбөріден тараған Қобыланды батырдың ұрпағы болып табылады деген ұйғарымға алып келеді. Шыңғысханның ұрпағының «төре» деген атпен белгілі болуы, Қыпшақтың Торысымен сәйкес келеді. Бұлардан басқа да сәйкестіктер көп. Шыңғысханның бабасы Қабыл батыр қаңлық немесе қамақ, яғни «күллі моңғолды» басқарған, ал Шыңғысханның әскері Қаңлы мен Қыпшақтан тұрған.

Сондықтан Алтын Орданы Дешті Қыпшақтың, ал Шыңғысхан қағанатын орта ғасырдағы Қазақ жерінің, яғни Мәңгі Елдің жалғасы ретінде қарастыру керек.

Әділбек ИШАНБЕКҰЛЫ

Пікірлер
Редакция таңдауы