Қосшы ауылы қала статусына ие болды

3835
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласының шетінде орналасқан Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қалалар қатарына енді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы "Akorda.kz" сайтында  ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қаулысы шықты. Онда:

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақмола облысының Целиноград ауданы одан Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
  2. Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын.
  3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", — делінген.

Айта кету керек, Қосшы ауылы — елорданың оңтүстік-батысындағы ең ірі елді мекендердің бірі. Бұл ауылда қазір 20 мыңнан аса адам тұрады.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер