Рекорд: Қазақстанда бір тәулікте 100-ден аса адам коронавирустан қайтыс болды

3093
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/0ce7f62c-813e-43f5-94c8-9f50211a3455.jpeg
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны 126-ға жетті, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  1 тамыздағы мәлімет бойынша, коронавирус анықталған науқастар өлімі дерегі - 110 жағдай. Тағы 16 адам (ПТР нәтижесі теріс шыққан) пневмониядан қайтыс болған. Осылайша тәулікте қайтыс болғандардың жалпы саны 126-ға жетіп отыр. 3 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 102 839 адам емделіп жатыр, олардың 29 138-і ауруханаларда, ал амбулаторлық деңгейде 73 701 науқас бар. КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: 1 707 адамның жағдайы ауыр, 395 пациенттің жағдайы өте ауыр, 197 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Еске салайық, өлім бойынша бұған дейінгі антирекорд 27 шілдеде тіркелген еді: коронавирус пен пневмониядан 110 адам қайтыс болған.
Комментарии