Ғалымдар жердің ядросының бір шетіне қарай өсіп бара жатқанын айтып дабыл қақты

8122
Adyrna.kz Telegram
Жердің ядросы бір шетіне қарай өсіп жатыр. Ғалымдар осылай деп дабыл қағып жатыр. Жер шарының шығыс жағындағы Индонезияның Банда теңізінің тұсы батыс бөлігінде орналасқан Бразилия жағындағы тұсымен салыстырғанда әлдеқайда сыртқа ауытқып шығып кеткен.
Жаңа зерттеулер көрсеткендей, Жер ядросының бір шетіне қарай ауытқып өсіп жатқаны Жердің жаралғанынан бастап қазіргі эраға дейінгі зерттеулерін қайта қарауға итермелеп отыр.
Жердің қатты металлды ядросы жер бетінен 5000 шақырым тереңдікте орналасқан. Ал ғалымдар жер ядросының қашан қалыптасқаны жөнінде әлі күнге дейін тартысып келеді.
Қазіргі ғылымның болжауынша, Жердің ядросы осыдан 4,5 миллиард жыл бұрын қалыптасқан. Ал, толық қалыптасу процесі 200 миллион жылға созылған.
Металл ядро Күн жүйесіндегі планеталарды тартылыс күші арқылы өзіне тарту мен қалыпты ұстап тұру функциясын да атқарады. Тартылыс күші арқылы Жердің ядросынан силикатты минералдар да бөлінеді.
 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
 
 
 
Пікірлер