Жұт: мал саны 225 мыңға азайған

3664
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/whatsapp-image-2021-08-24-at-22.36.44.jpeg
Биылғы қуаңшылық салдарынан Маңғыстау облысында мал қырылып, шаруаларға соққы болуда. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми статистикасы бойынша, Маңғыстау облысында қуаңшылықтан 1147 мал қырылған. Министрліктің сайтында жарияланған материалға сенсек, сонда Маңғыстаудағы бүкіл малдың 0,13 пайызы, қуаңшылықтан өлген. Маңғыстау облысының жері жайсыз болғандықтан, төрт түліктің саны аз аймақтың бірі саналады. Stat.gov.kz сайтының дерегіне жүгінсек, республикалық көрсеткіш бойынша еліміздегі жылқы саны 3,5 млн-нан асады. Ал оның ішінде Маңғыстау облысы жылқы санының көрсеткішімен соңынан санағанда 4-ші орынды (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) алады. Маңғыстау облысындағы жылқының статистикасы: 2018 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 77,491 2019 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 78,36 2020 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 91,145 2021 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 95,684 2021 жылдағы көрсеткіші: Сәуір - 124,068 Мамыр - 123,671 Маусым - 123,49 Шілде - 122,453 Тамыз - 95,684 Республикамыздағы түйенің саны 236 мыңнан асады. Оның 3-тен 1-і Маңғыстау облысында тіршілік етеді. Маңғыстау облысындағы түйенің статистикасы: 2018 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 64,404 2019 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 71,370 2020 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 72,362 2021 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 73,530 2021 жылдағы көрсеткіші: Сәуір - 85,893 Мамыр - 85,713 Маусым - 85,474 Шілде - 84,778 Тамыз - 73,530 Республикамыздағы сиырдың саны - 8 млн 600 мың. Сиыр көрсеткіші бойынша Маңғыстау артынан санағанда 3-орында. Маңғыстау облысындағы сиырдың статистикасы: 2018 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 20,362 2019 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 21,409 2020 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 23,830 2021 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 23,916 2021 жылдағы көрсеткіші: Сәуір - 30,649 Мамыр - 29,585 Маусым - 29,481 Шілде - 28,681 Тамыз - 23,916 Республикамыздағы қойдың саны - 23 млн 500 мыңнан асады. Маңғыстау облысы қойдың саны бойынша соңынан санағанда 3-орынды алады. Маңғыстау облысындағы қойдың статистикасы: 2018 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 439,631 2019 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 432,859 2020 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 455,67 2021 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 436,206 2021 жылдағы көрсеткіші: Сәуір - 614,261 Мамыр - 613,522 Маусым - 610,730 Шілде - 603,099 Тамыз - 436,206 Дереккөз: stat.gov.kz Енді соңғы 5 айда малдың саны қаншаға азайғанын есептейік: Жылқы - 28 384 Түйе - 12 363 Сиыр - 6 733 Қой - 178 055 Барлығы: 225 535

Маңғыстау облысындағы қуаңшылық алғаш рет болып жатыр ма?

2020 жылдың сәуір-тамыз айларында малдың саны 204 704-ке дейін қысқарған. 2019 жылдың сәуір-тамыз айларында малдың саны 199 921-ге дейін қысқарған. Көргеніңіздей, Маңғыстау облысындағы мал басының санының қысқаруын бұған дейінгі жылдарда да көрініс тапқан. Алайда биылғы көрсеткіш бұрынғы жылдармен салыстырғанда көбірек.

Маңғыстау облысындағы қуаңшылықтың себебі неде?

- Каспий теңізінің тартылуы. Каспий теңізінің Ирандағы ұлттық зерттеу орталығының басшысы Бани Хашеми: "2019 жылы Каспий теңізі өткен жылға қарағанда 13 см-ге төмендеген. Бұған басты себеп, Каспий теңізіне құятын Жайық өзенінен судың азаюы (Ресей бұл өзен аумағында бірнеше су қоймасын тұрғызған). Екінші себеп, Каспий теңізіндегі температураның (жауын-шашынның аз болуы, күннің ыстық болуы)көтерілуі". Бұл Каспий теңізінің қасындағы аймақтарға әсер ететіні анық. Бұл жайлы Ауыл шаруашылығының министрлігі: "Соңғы 3 жылда Маңғыстау облысында құрғашылық байқалуда" - деп, айтты. Бұл оқиға билікке қалай әсер етті? - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың жұмысын сынға алып, қуаңшылыққа байланысты шұғыл және батыл шешімдер қабылдамағаны үшін, отставкаға жіберді. - Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері 1 күндік жалақыларын Маңғыстау облысындағы арнайы қорға аударып, еліміздегі азаматтарымыздан «құрғақшылықтан зардап шеккендерге қайырымдылық қорын» көрсетуді сұрады. - Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Еділ Жаңбыршин: «Қазір Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында құрғақшылық болып жатқаны өздеріңізге белгілі. Малдың көлемі, жерге экоцид, өсімдіктің өспеуі, мал жайылымының тарылуы сияқты көптеген мәселе туындап жатыр. Біз проблемадан шығу үшін, елге қажет әдістерді іздеп, климаттық технологияның бар екенін біліп, мамандарды Маңғыстауға шақырдық. Қазір қолдан жаңбыр жаудырудан басқа жолын көріп отырған жоқпыз». - «Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысына 5,3 млрд теңге бөлінді, оның 1,9 млрд теңгесі шөп сатып алуға, 3,4 млрд теңге жем сатып алуға бағытталады. Маңғыстау облысына көрсетілген көмек биылғы мәселені шешкенімен, алдағы жылдағы қауіптің алдын ала ма? Барлығы уақыт еншісінде!

Қанат БАЙҰЗАҚОВ,

"Адырна" ұлттық порталы

 
Комментарии