"Талибан" қозғалысының өкілдері Хибатулла Ахундзаданы бас көсем етіп сайлады

2624

Ауғанстанды басып алған тәліптер "Талибан" радикалды қозғалысының көсемі Хибатулла Ахундзаданы тәліптер "бас көсем" етіп сайлады. Бұл жайында News18 ақпараттық порталы хабар таратты.  

Тәліптер қазіргі билікті басқарудың тетіктерін ирандықтардан үйреніп, кейбір реформаларды тікелей көшіріп жатыр. Мұнда бас көсем  мемлекеттің ең бірінші басшысы, саяси және діни нұсқаушы бола алады. "Талибан" радикалды қозғалысының көсемі Хибатулла Ахундзада осы уақытқа дейін ақпараттық көздерге сұхбат бермеген. Ауғанстанды тәліптер басып алғанға дейін "Талибан" радикалды қозғалысының жетекшісі болып келген Хибатулла Ахундзада көп жағдайда ақпараттық көздерге  көрінбеуге тырысқан. Ал қазір ол Ауғанстандағы "Талибан" радикалды қозғалысының көсемі болып сайланды.

Ал, мемлекеттің атқарушы билігі премьер-министрдің қолында болады. Бұл постқа Абдул Ғани Барадар тағайындалды. Абдул Ғани Барадар саяси кеңселерде басқару жұмыстарын да іске асырады. Бұл шендінің де діни идеологиялық шешімдер жасауға құқы бар.

Ал, жоғары сотқа Абдул Хаким Хаккани тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін Хибатулла Ахундзаданың саяси көмекшісі қызметін атқарып келді.

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна"ұлттық порталы

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар