Брекешов үкімет отырысында ант берді

2571
Adyrna.kz Telegram

Жаңа экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев үкімет отырысында ант берді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"Өздеріңіз білетіндей, үкімет құрамында кадрлық өзгерістер болды. Өткен аптада Мемлекет басшысының жарлығы бойынша Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы энергетика министрі, Серікқали Аманғалиұлы Брекешев экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Сізді қызметке тағайындалуыңызбен құттықтаймын, жұмысыңызға сәттілік тілейміз. Серікқали Аманғалиұлы, ант беруіңізді сұраймын", - деді премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында.

"Қазақстан Республикасының халқы мен Президентінің алдында өзімнің Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді арнауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық және ұлтаралық келісім қағидаттарын ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, елімнің мемлекеттілігі мен әлемдік қоғамдастықтағы беделін нығайтуға салтанатты түрде ант беремін. Ант беремін", - деді экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер