Алматы облысындағы өндіріс орнында 1 миллион дозаға дейін вакцинаны құтыға құя алады

604

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша отандық QazVac вакцинасы әзірленді. Өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру мақсатында Премьер-министр Асқар Мамин өткен жылдың 12-ші маусымында биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты базасында биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастады.

"Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ-мен қатар Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылындағы "Антиген" ЖШС базасындағы вакцинаны құю бойынша өндірістік алаңды дайындау басталды. "Антиген" ЖШС - де Алматы облысы әкімдігінің "Жетісу" ӘКК арқылы жалпы сомасы 420 млн.теңгеден астам лизингке 13 бірлік заманауи технологиялық жабдық сатып алынды", - деп бөлісті Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.
Мұндағы өндіріс желісі асептикалық өндірістің барлық талаптары мен санитарлық нормаларына сәйкес келеді.
"Итальяндық Аппарат вакцинаны бір минут ішінде 60 құтыға құюы мүмкін. Әр құтыда 3 доза. Бір айда ол 1 миллион дозаға дейін толтырылуы ықтимал. Құтыға құйылуға дейінгі дайындықты ағымдағы жылдың сәуір айынан бастадық. Ал шілде айынан бастап 300 мың доза төгілді. Бұл валидациялық серия. Жабдықты және бүкіл процесті тексеруге арналған. Бүгінгі күні алынған вакцинаның 300 мың дозасы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында жатыр. Зерттеулер аяқталуға жақын. "Антиген" ЖШС-дегі вакциналар толық сәтті тексеруден кейін ғана қолданылатынын атап өткен жөн", - деді "Антиген" ҰКП директоры Нұрлан Ахметсадықов.
Директордың айтуынша, барлық жабдықтар Еуропадан, Америка мен Қытайдан әкелінген. Осылайша, халықаралық сапа стандарттары компанияға жоғары техникалық деңгейге, өндірістің барлық кезеңінде сапаға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
"Антиген" ҰКП ЖШС биофармацевтикалық зауытпен қатар биологиялық қауіпсіздік мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты базасында екінші өндірістік алаңға айналғанын атап өтеміз.
Бүгінгі күні жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің бақылауында екенін ерекше атап өткен жөн.

Пікірлер
Редакция таңдауы