Алматыда екі метро стансасының атауы өзгертілуі мүмкін

975

Алматыда салынып жатқан екі метро стансасының атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды"Адырна" тілшісі.

Қала күні қарсаңында мәслихатқа қоғамда талқыланып жатқан мәселелерді шешуді ұсындым. Бұл Алматы метрополитенінде салынып жатқан екі стансаның атауын өзгертуге қатысты.
«Достық» стансасына Бауыржан Момышұлының есімін беру ұсынылады. Болашақта «Западный» автовокзалы аталуы тиіс стансаға «Қарасай» атауы ұсынылмақ, деп жазды қала әкімі Facebook -тегі парақшасында.

«Достық» бекеті Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында салынуда. Оның техникалық іске қосылуы 2021 жылдың соңына жоспарланған.

«Западный» автовокзалы Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасында салынады.

Тамыз айында қала әкімдігі салынып жатқан екі бекеттің дайындығы 80 пайызды құрағанын хабарлады. Содан кейін Сағынтаев метро құрылысының белгіленген мерзімдерінің сақталуына бақылауды күшейтуді тапсырды және қосымша жұмыс күшін жұмылдыру қажеттігіне назар аударды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар