Дәстүрлі әндерімізді, ұлттық аспаптарымызды насихаттап жүрген қай топ?

2860
Adyrna.kz Telegram

"Алатау" дәстүрлі өнер театрының орындаушылар құрамының артисі, "Алатау серілері" тобының әншісі Қуаныш Алтыбаев 4 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша және түрікше) өтетін «Алатау студиясында» халықаралық онлайн кездесуінің қонағы болды.

Сұхбаттың модераторы, «Алатау» дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің басшысы, PhD докторы Қуаныш Жұмабекұлы Қуаныш Алтыбаевқа төмендегідей сұрақтар қойды:

1) Затаевичтің 1925 жылы «Қазақ халқының 1000 әні» атты кітабы жарыққа шыққан болатын. 1931 жылы «Қазақтың 500 ән-күйі» деген кітабы тағы шықты. Музыка зерттеушілерінің айтуына қарағанда, халқымызда 5 мыңнан аса күй, 12 мыңға жуық ән бар екен. Осыдан-ақ
қазақтың ән мен күйге, жыр мен термеге бай халық екенін көруге болады.

Жалпы, Арқа, Жетісу, Батыс, Сыр, Алтай-Тарғыбатай деп әншілік мектептерге бөліп қарастырамыз ғой. Алатау серілері тобындағы әншілер, яғни, кім қай өңірден, кім қай мектептің өкілі?

2. Өзіңіз білесіз әр әншілік мектептің өзіндік ерекшеліктері бар. Домбыра қағысындағы айырмашылықтары да жетерлік. Сіздер бірігіп ән айта бастағанда, үйлесу жағы қалай болды?

3. Алатау серілері алғаш құрылғанда 7 адам болыпты. 1 әнші қайда кетті?

4. Бір әнді сахынаға шығару үшін дайындыққа шамамен қанша уақыт кетеді?

5. Қазіргі таңда репертуарларыңызда қанша ән бар?

6. Топ болып ән айтқанда домбыра, баян, асатаяқ, дарбука, сазсырнай, шаңқобыз, даңғыра, шамамен 10 шақты аспапты қолданасыздар. Болашақта тағы басқа аспаптарды қосу ойда бар ма?

7. Бұрын "Алатау серілеріндегі" әншілер жеке-жеке өнер көрсетіп, әнші болып жүрдіңіздер. Қазір алтауыңыз бірге шығармашылықтарыңызды шыңдаудасыздар. Жалпы, топта жұмыс істеудің қиындығы мен жеңілдігі жайлы айтсаңыз.

8. Алғашқы концерттеріңізді ШҚО Абай ауданында өткізіпсіздер. "Алатау серілері" Алматыда немесе Нұр-Сұлтанда жеке шығармашылық кешін қашан береді?

9. Жақында Мәскеуге барып өнер көрсетіп келдіңіздер. Осыған толығырақ тоқталсаңыз.

10)Өзіңіз білесіз, театр көркемдік-идеялық бағыты бір, ойы сабақтас бірнеше өнердің басын бір жерде тоқайластыратын синтездік өнер. Ал осы өнердің бастауында қашанда режиссер тұрады.

Режиссердің міндеті – әр актердің амплуасын дәл анықтап, қойылымның архитектоникасын биік деңгейде жасай алу.

Жалпы алғанда, театрдың репертуар саясаты, шығармашылық деңгейдің өсуі тікелей режиссерге байланысты.

Бұл театрда сіз тек қана дәстүрлі әнші емессіз, бір жағынан актерсіз.

Режиссер сіздің актерлік қырыңызды ашатындай рөлдер берді ме, әлде авангардтық рөлдерді әлі де күтіп жүрсіз бе?

11. Алдағы жоспарыңызбен бөліссеңіз.

Толық сұхбатты төмендегі сілтемеден көре аласыздар!

Пікірлер