"Көше партиясының" 4 белсендісі 5 жылға сотталды

4128
Adyrna.kz Telegram

Азаматтық 4 белсенді — Асхат Жексебаев, Абай Бегімбетов, Қайрат Қылышев, Ноян Рахымжановтар 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар енді жазасын қауіпсіздігі орташа мекемелерде өтейді. Сондай-ақ жәбірленушілер қорына 20 АЕК айыппұл салынды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Orda.kz-ке» сілтеме жасап.

Алматы қаласы Алмалы аудандық №2 аудандық сотының судьясы Ернар Қасымбеков сот мойындаған «экстремистік» «Көше партиясы» ұйымының қызметіне қатысқан 12 айыпталушының барлығына айыптау үкімін шығарды.

— Диана Баймағамбетованың екі жылға бас бостандығы шектеледі және жүз сағаттық түзеу жұмысын атқарады. Ал қалғандары (Дәметкен Аспандиярова, Бақдәулет Әлібеков, Гүлзипа Жаукерова, Нинагүл Жұманиязова, Ермек Қозиев, Марат Құрбанов, Дархан Уәлиев) бір жыл бас бостандығынан айрылып, үш жылға дейін қоғамдық қызметте  жұмыс істеуге тыйым салынды. Бас бостандығынан шектелгендер сондай-ақ 10 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынды, — деді қорғаушы Жанар Балғабаева.

Осылайша судья айыпталушыларға жаза тағайындау туралы прокурордың талаптарын қанағаттандырды.

Қорғаушының айтуынша, аталған азаматтар үкімге апелляциялық тәртіпте шағымданатыны сөзсіз.

Естеріңізге сала кетейік, белсенділердің соты 27 шілдеде басталған. Олардың барлығы қоғамдық-саяси мәселелер бойынша өз пікірін ашық айтқан, сонымен қатар митингтерге қатысқан.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

 

Пікірлер