Қытайдағы су тасқыны: 1,76 млн адам зардап шекті

2985

Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында ұзақ уақытқа созылған жаңбырдан болған су тасқыны салдарынан 1,76 миллионнан астам адамды шұғыл түрде көшірді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  "China Daily" сайтына сілтеме жасап.

Шаньси мен Шэньси провинцияларында болған қатты су тасқынынан Қытайдың Табиғи апаттарды азайту жөніндегі ұлттық комиссиясы мен Төтенше жағдайлар министрлігі бірлесіп, 4-ші деңгейдегі төтенше жағдайларды жою жоспарын жасады. Екі мемлекеттік орган да апатты жоюға көмектесу үшін зардап шеккен аудандарға жұмыс тобын жіберді.

Провинцияның төтенше жағдайлар департаменті Шаньси провинциясының 76 округінде 1,76 миллионнан астам адам су тасқынынан зардап шеккенін, 120 100 адам қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлады.

Департамент 17 мыңнан астам үйдің құлағанын, 190 мың гектар ауылшаруашылық жерлерінің су тасқынынан зардап шеккенін атап өтті.

Жергілікті шенеуніктердің хабарлауынша, көмірге бай провинцияда нөсер жаңбырдан кейін 60 көмір шахтасы жұмысын тоқтатқан.

Провинция су тасқынынан қатты зардап шеккен адамдарға көмектесу үшін 20 миллион юань (3,1 миллион доллар) бөлді және табиғи апаттарға төтенше жағдайдың үшінші деңгейін іске қосты.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы