Ресейдің тот басқан қаңылтырларына да қолымыз жетпей қалатын сияқты

3907
Adyrna.kz Telegram
Ресейден келген көліктерге енді полициялар қырғидай тиетін болды. Олардың саны нақты қанша екенін білмеймін. Бірақ өте көп екенін білемін.
Бұдан былай Ресейден, Армениядан алып келген көліктерге кедендік бақылау жүріп, айып тұрағына жөнелтілетін болыпты. Өкімет бекіткен мерзім аяқталды деп отыр. Қазақстанға сор болып отырған утильсбордың кесірінен жұртшылық дұрыс көлікке қол жеткізе алмай отырғанда, енді Ресейдің тот басқан қаңылтырларына да зар болатын сияқтымыз. Кедендік одақ арқылы қоқыстарын өткізіп жіберген, оның тетіктерін батыл іске асырған ресейлік лоббисттер жеңіске жетті. Мойындауымыз керек. Бұл процесс неге бұлай кетіп барады?
Утильсборды қолдан жасап алып, экология және индустрия министрлігіне жауапкершілікті лақтырып тастап, халықтың қалтасын қағып алып отырған "Оператор РОП" ЖШС-нің лоббисттері болса тасада отырып, қазақстандық көлік индустриясының қанын сүлікше сорумен келеді. Қазір қоғамның аса көп бөлігінің астына мінгені Ресейдің сақырлақ, тот басқан қаңылтырлары. Ертең шетінен айып тұрағына қойылса, қоғамның ортасынан от шығып кетпесіне ешкім де кепілдік бермейді.
Утильсбор біздің қоғамның айықпас дертіне айналды. Оны жете түсінетін халық болса мейлі ғой... Қазақтың әрбірінің жеке басына соқтыққанда ғана басына ми кіреді.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер