Ердоған: Біздің шыдамымыз бітті, енді оларды тас-талқан етеміз

6660
Adyrna.kz Telegram

Ердоған Сирияның солтүстігінен келетін қауіптерді өз бетінше жоюға Түркия елі дайын екенін мәлімдеді. Режеп Тайып Ердоған Түркияға қарсы лаңкестік шабуылдардың көзі Сириядағы аумақтарға шыдамдылық танытқысы келмейтінін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Біздің полицияға көрсеткен соңғы шабуыл (Евфрат қалқаны операциясы аймағында) және басқа да біздің жерлерге бағытталған шабуылдар шыдамымызды тауысты. Түркия Сирияның солтүстігінен келетін қауіптерді жоюға бел байлап отыр  »,- деді Түркия президенті телеарнадан сөйлеген сөзінде.

Бір күн бұрын Сирияның солтүстігінде PKK / PYD лаңкестерінің («Демократиялық одақ» сириялық күрд партиясы) зымырандармен атқылауы нәтижесінде түрік арнайы күштері полициясының екі офицері қаза тауып, тағы үш арнайы жасақ жараланған.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер