Су тасқынынан 15 адам қаза тауып, 120 мыңнан астам адам эвакуацияланды

2833
Adyrna.kz Telegram

Қытайдың Солтүстік Шаньси провинциясында су тасқыны орын алып 15 адам қаза тапты. Сондай-ақ үшеуі хабар-ошарсыз кетті. 120 мыңнан астам адам эвакуацияланғанын. Бұл туралы провинцияның Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Ван Цижуй баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Тоқтаусыз жауған нөсер жаңбыр провинцияның 11 қаласы мен 76 уезінде 1 757 100 адамның апатқа ұшыратты. Салдарынан 15 адам қайтыс болды. Үшеуі хабар-ошарсыз кетіп, 120,1 мың адам шұғыл эвакуацияланды. 19,5 мыңнан астам ғимарат қирап, 18,2 мың адам ауыр жарақат алды. Тікелей экономикалық залал 5,03 миллиард юаньға (шамамен 780 миллион доллар) бағаланды", - деді Ван Цижуй.

Биліктің хабарлауынша, 2-7 қазан аралығында провинцияда метеорологиялық бақылау тарихында болмаған су тасқыны болды, көптеген аудандарда нөсер жаңбыр бірнеше күн бойы тоқтаған жоқ.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер