Зейнетақының жаңа орташа мөлшері 100 мың теңге

2880
Adyrna.kz Telegram

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ведомство сайтына сілтеме жасап.

2021 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге шамамен 614,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға - 1 триллион 390,1 миллиард теңге жұмсалған.

"2021 жылы 1 қазандағы есеп бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 229 мыңнан астам болды. 2021 жылы 1 қазанда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 99 887 теңгеге жетті", - делінген хабарламада.

Ведомствода 2018 жылы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр зейнеткердің зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып, жеке тағайындалатыны айтылды. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жиналған еңбек өтілі, сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер қосылады.

Бұған дейін министрлік зейнетақы жүйесінің қолданыстағы үлгісін 2030 жылға дейін жаңғырту бойынша әзірленген түзетулер туралы жариялады.

14 маусымда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов елімізде зейнет жасын төмендету жоспарланбайтынын хабарлады.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер