"Қазақстанның қандай жағдайда екенін бір видеомен-ақ түсіндіремін" (видео)

3677
Adyrna.kz Telegram

Тик-ток желісінде Досбол Алиакбар есімді жас жігіттің Қазақстанның бүгінгі хал-ахуалына қатысты түсірген видеосы қызу талқыға түсуде. Ол Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Досбол видеода Алматы қаласының Тимирязев-Жандосов көшелерінің қиылысының бойымен жүре отырып, бар жоғы 2,5 км арақашықтықта кездестірген 17 ломбард дүкенін және Тимирязев көшесінің сау тамтығы қалмаған жолының лайланып, адам жүруге келмейтінін айтты.

"Көріп тұрғандарыңыздай бұл көшенің сұлулығы, тіпті мұнда балық аулауға болатын сияқты" дейді ол.

"Барлығымыз жақсы білетіндей, Тимирязев көшесінде негізінде студенттер өте көп тұрады. Құрметті Сағынтаев мырза, қала әкімшілігі! Иә, мен түсінем ломбард та кәсіпке жататынын. Бірақ та, екі-үш ломбард болса жарайды, бірақ не үшін оның саны 17? Тек Тимирязев көшесінде. Ломбард деген қоғамға пайдасын алып келетін кәсіп емес. Соңғы уақытта, ломбард, займ, қарызға ақша беру деген нәрселер қаптап кетіпті. Сол мәселені шешсеңіздер жақсы болар еді" дейді Досбол видеоның соңында.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер