Бөкейханов туралы Ресей ғалымының кітабы жарық көрді

4307
Adyrna.kz Telegram

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде тарих ғылымдарының докторы Виктор Козодойдың «Әлихан Бөкейханов. Дәуір тұлғасы» атты монографиясының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ресей профессорымен кездесуге зиялы қауым өкілдері, ЖОО студенттері мен оқытушылары келді.

Виктор Козодойдың зерттеу мүдделеріне Сібір мен Ресей революциясының қоғамдық-саяси өмірінің тарихы, сондай-ақ тарихи тұлғалардың өмірбаяны кіреді.

«Әлихан Бөкейханов. Дәуір тұлғасы» кітабын жазуға екі жыл уақыт жұмсалған. Тарихшы қазақ саясаткері мен қоғам қайраткері туралы материалдарды тірнектеп жинаған. Ақпарат көзі ретінде мұрағат құжаттары, Бөкейхановтың әріптестері бөліскен естеліктері, сол жылдардағы газеттер мен журналдардағы жарияланымдар пайдаланылды.

Автордың айтуынша, кітапқа бұрын ғылыми айналымда болмаған деректер енген. Кітап 1000 дана таралыммен шықты. Басылым Новосибирскіде басылған. Алдағы уақытта монографияны қазақ және ағылшын тілдеріне аудару жоспарланып отыр.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер