Өзбекстанда алапат дауыл: Мыңдаған адам зардап шекті (ВИДЕО)

3305
Adyrna.kz Telegram

Қарашаның 4-інен 5-іне қараған түні Өзбекстанды құмды дауыл басып, соның салдарынан ауадағы шаңның рұқсат етілген концентрациясы 30 еседен асып кетті. Бұл туралы Өзгидрометтің баспасөз хатшысы Муниса Әсілходжаева айтты.

"Республикада өте сирек кездесетін табиғи құбылыс – шаңды-құмды дауылдың салдарынан ауадағы шаңның концентрациясы әуелі нормадан 30 есе жоғары болса, қазір концентрация нормадан 10 есе асып отыр", - деді  Өзгидромет өкілі. Оның айтуынша, республикадағы ең шаңды ауа көрсеткіші Ташкентте байқалады. Кеше түнде қалада көру мүмкіндігі 200 метрге дейін төмендеп, жағдай шамалы ғана жақсарған.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауаның шаңдылығы аллергиялық аурулардың күрт өсуіне себеп болған. Тек өткен тәулікте осы себепті 1000-нан астам азаматтарды ауруханаға жатқызу жағдайы тіркелді, сондай-ақ медициналық мекемелерге бірнеше мың өтініштер тіркелді. Өтініштердің жалпы санының 678-і тыныс алуының бұзылуына шағымданған. Жедел жәрдем бригадалары азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауыр халде жатқандарды ауруханаға жатқызды. Гидрометеорологтар аномальді табиғат құбылысы бірнеше күнге созылады деп болжап отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер