Ауғанстан шекарасында қазақ-өзбек біріккен әскери жаттығуы өтеді

2461
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/izobrazhenie_2021-11-16_104536.png
Ағымдағы жылдың 17-24 қарашасы аралығында Өзбекстанның оңтүстігіндегі, Ауғанстанмен шекаралас Термез аудандық полигонында қазақ-өзбек бірлескен оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Бірлескен маневрлердің мақсаты – бірлескен міндеттерді шешу барысында бауырлас екі мемлекеттің қарулы күштерінің үйлесімділігі мен өзара іс-қимыл деңгейін арттыру. Оқу-жаттығуға Қазақстан тарапынан 100-ден астам әскери қызметші қатысады, көпфункционалды Су-30СМ жойғыштары, С-295 әскери-көлік ұшақтары, тактикалық ұшқышсыз ұшу аппараттары қатысады. Қазақстандық бөлімшелердің жауынгерлік даярлығының міндеттеріне іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу, қарсыластың алдыңғы қатарлы жасақтарын жою, шабуылға тойтарыс беру және заңсыз қарулы құралымдарды кейіннен жою, жаралылар мен жарамсыздарды эвакуациялау кезіндегі жауынгерлік қарауыл бөлімшелерінің іс-қимылдарын жаттықтыру кіреді.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии