Содырлар жүзден астам бейбіт тұрғынды қырып салды

3282
Adyrna.kz Telegram

Елдің шығысындағы екі ауылда CODECO содырларының шабуылынан кейін 107 мәйіт табылды. Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы екі ауылда Конго даму кооперативі (CODECO) тобының шабуылдарынан кейін 107 мәйіт табылды. Бұл туралы дүйсенбі, 22 қарашада Kivu Security Tracker қызметі хабарлады.

Мәйіттер CODECO шабуылдарынан кейін Дродро және Ларгу ауылдарында, сондай-ақ Джуге мен Итури провинциясының төңірегіндегі аудандарда табылды.

«Қаза болғандардың басым көпшілігі бейбіт тұрғындар», - дейді ұйым.

Еске салайық, бұған дейін Конго өзенінде кеме апатқа ұшырап, 50-ден астам адам қаза тапқан болатын. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда, бірақ тірі қалғандарды табуға деген үміт азайып барады.

Сондай-ақ Африкада белгісіз дерт 165 баланың өмірін қиғаны хабарланды. Тамыз айында байқалған белгісіз дерттен күніне төрт бала қайтыс болады. Ауру бес жасқа дейінгі балаларға әсер етеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер