ҚазҰУ-да Қасымжанов оқулары өтеді

2705
Adyrna.kz Telegram

24 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті философия кафедрасы және әл-Фараби Орталығы Ағын Хайроллаұлы Қасымжановтың 90 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "АҒЫН ҚАСЫМЖАНОВ – ҒАЛЫМ-ФИЛОСОФ, ФАРАБИТАНУШЫ" атты халықаралық дөңгелек үстел өткізеді.

Философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Ағын Хайроллаұлы Қасымжанов әл-Фарабидің философиялық ойы мен мұрасы тарихының теориялық мәселелерін алғашқы зерттеушілердің бірі болды. Оның тікелей қатысуымен 1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан әл-Фараби Орталығы құрылды.
2003 жылдың қазан айынан бастап көрнекті ғалым, ойшыл, тәлімгер А.Х. Қасымжановты еске алу мақсатында философия кафедрасы А. Х. Қасымжановтың туған күніне арналған "Қасымжанов оқулары" халықаралық конференциясын өткізеді.

Дөңгелек үстелде А.Х. Қасымжановтың шығармашылығы мен тұлғасы, Қазақстан қоғамының рухани дамуы контексінде оның Әл-Фарабидің зияткерлік мұрасын зерттеуге қосқан үлесі талқыланады.

Халықаралық дөңгелек үстел жұмысына Қазақстаннан, жақын және алыс шетелдерден А. Х. Қасымжановтың шәкірттері мен ғалымдары қатысады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер