Ақшадан адамдықты жоғары қойғандар немесе кір жуушының керемет ісі

1413

1908 жылы дүниеге келген Озеола Маккарти бала кезінен Оңтүстік Миссисипи универіне түсіп, медбике болуды армандаған. Бірақ 6-класта ауырып қалған тәтесіне қарау үшін мектепті тастап, одан кейін оқуын жалғастыруға мүмкіндігі болмады.
Кір жуушы жұмысына орналасып, әр күн сайын бірнеше $ жалақы алып жүрді. Бірде ол Миссисипи Банкіне келіп өзіне жинақ есебін аштырады да күн сайын 1-2 $-дан сала бастайды.
Одан не үшін жинап жатырсың деп сұрағанда, "Әжеме" деп жауап беріпті.
1944 жылы әжесі қайтыс болған соң да бұрынғы әдетімен аздап қаржы салуын тоқтатпапты. 70-жылдары шешесі де өмірден озады.
Бірде банк қызметкері Озеолаға ақшасының бір бөлігін облигацияларға айналдыруды ұсынғанда ол оған аса мән бермей, келісе салады.
Ол сөйтіп 75 жыл бойы тұрмыс құрмастан, кір жуушы болып еңбек етіпті.
Пенсияға шыққанша туған қаласынан да ұзап шықпаған. 1995- жылы банк қызметкері Пол Логлин Озеола соңғы аптада банкке келмей қалғасын үйіне барып не болғанын білгісі келеді( не деген қамқорлық).
Сөйтсе ауырыңқырап қалған екен. Өзінің алдында қаншама жылғы ауыр жұмыстан қалжыраған адамды көрген Пол банкке келгесін оның есеп-шотын тексеруге ұйғарады. Сонда ол таңқалды десек, ештеңе айтпағандық болар еді.
300000 $-ға жуық ақша жинақталып қалған екен. Көп ұзамай банкіге келген мисс Маккарти әуелгіде сенбей, көзі жеткеннен кейін: ,"Счетімде жата берсін" дейді.
Банк қызметкерлері оған енді жұмыс істеудің қажеті жоқтығын, жиналған ақшаның шалқып өмір сүруіне жеткілікті екенін айтқанынан түк шықпапты. Озеола өзінің ақша үшін емес, адамдарға пайда келтіру үшін жұмыс істеп жүргенін айтады.

"Онда жинаған ақшаңызды қайда жұмсайсыз" дейді банкідегілер. Сонда Озеоала: "Кедей семьялардың оқуды армандайтын балалары үшін стипендия тағайындағым келеді" деп бар ақшасын соған аударатынын айтады.
"Ал өзіңізге қанша қалдырасыз" десе, "мен өзімді асырауыма қауқарым жетеді" деп жауап береді.
Бұл оқиға әуелі штатқа, сосын бүкіл АҚШ-қа жылдам таралады да, көп адамдардың қорға ақша аударуына сеп болады.Медиа-магнат Тид Тернерге әсер еткені сонша, ол 1997- жылы 1 миллиард $-ды бір-ақ аударыпты.
Озеоаланы Миссисипи университеті студенттерімен кездесуге шақырып: "Қандай арманыңыз бар?" деп сұрағанда: "Менің стипендияма оқып, диплом алған оқушыны көріп кету" деген екен.
Өкінішке қарай 1999-жылы 92 жасында Озеола Маккарти дүниеден озды. Ал бір жылдан соң оның қорының стипендиясын алған студенттердің ішінен алғашқы болып 18 жасар Стефания Баллок диплом алды.
P.S. 1996жылы Атланта олимпиадасының алауын алып жүру мәртебесіне ие болды. Гарвард универінің құрметті докторы атағын иеленді. Біріккен Ұлттар Ұйымының марапатын алды. Оның ісі "Нью Йорк Таймс" газетінің бірінші бетінде жарияланып, барлық орталық телеканалдардан көрсетілді.
Ютуб арнасынан Озеола Маккарти деп іздесеңіздер видеосын тамашалай аласыздар.

 

Рамазан АЖНИЯЗОВ.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket