Өзбекстандық азамат өз отандастарын Қазақстанда құлдыққа сатқан

1931
Adyrna.kz Telegram

Елордада полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Нұр Сұлтан» полиция бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам 2014 жылы Өзбекстаннан алты азаматты Қазақстанда жалақысы жоғары жұмысқа орналастырамын деп, алып кеткен. Бірақ Алматыға келген соң олардың төлқұжаттарын алып, басқа адамға тапсырған. Жеті ай бойы ер адамдар ауыр жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр болған.

2015 жылы Өзбекстан Республикасында адам саудасымен айналысқан ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылған. 2019 жылы сот үкімді шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өзгертті. Ер адам бостандыққа шыққан бойда бірден Қазақстанға қашып, Өзбекстанда іздеу жарияланған.

Қазір сот шешімімен ер адам қамауға алынып, Өзбекстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер