Қамауда отырған әйел тараздықтарды 50 миллион теңгеге алдап кеткен

4190
Adyrna.kz Telegram

Қамауда отырған әйел тараздықтарды 50 миллион теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тараз қаласының Полиция басқармасына 57 жастағы ер адам жүгінді. Оның айтуынша, 2021 жылдың маусым айында өзін әкімшілік қызметкері ретінде таныстырған әйел пәтер сатып алуға көмектесемін деп сеніміне кіріп, оның 1 850 000 теңгесін иемденіп кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осыған ұқсас 11 қылмыс жасағаны үшін облыс орталығының тергеу изоляторында қамауда отырған 46 жастағы әйелді анықтады. Келтірілген залалдың жалпы көлемі шамамен 50 млн. теңгені құрайды. Ұсталған әйел кінәсін толық мойындады.

Бұл дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінде  мүлкі тәркіленумен 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер