Дін істері басқармасының басшысына шабуыл жасалды: Оқ жауырынды тесіп кеткен

2960
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы бойынша Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Кикимов пікір білдірді. Ол бүлік кезінде оқ тиіп, жараланған болатын. 

"Қазір мені бір ауруханадан екінші ауруханаға ауыстырып жатыр. Қай ауруханада екенімді айта алмаймын. Қажетті шұғыл ота жасалды. Оқты ала алмады, дәрігерлер консилиум жүргізіп, негізгі отаны дене сауыққан кезде жоспар бойынша жасаған дұрыс дейді.  Арқамнан өкпеге оқ өткен. Оқ жауырынды тесіп кеткен", - деді Кикимов.

Кикимов штабта жұмыс істегенін, сол күні, 6 қаңтарда әкімдік ғимараты лаңкестерден босатылғаны туралы хабарланғанын айтты.

"Біз шығынды анықтау үшін оқиға орнына барғанда, ұйымдасқан топ шабуыл жасады. Бұл келісілген және мақсатты әрекет. Олар атып қана қоймай, артымыздан қуды", - деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер