Ресей соты «Солтүстік Қазақстанға» акциясынан кейін белсенділерді қамауға алды

6573
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/abd682b6-d368-431c-be74-67e2652d4b16.jpeg
Мәскеудің Замоскворецкий соты Мәскеу метросындағы акциядан кейін тіркелмеген «Другая Россия Э.В.Лимонова» партиясының он белсендісін қамауға алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «ОВД-Инфо»- ға сілтеме жасап. Белсенділер 10-нан 15 тәулікке дейін қамауға алынды. Хаттамалар полицияға бағынбау туралы бап бойынша жасалды. 8 қаңтарда «Алма-Атинская» метро станциясында бірнеше белсенді пойыздардың бірінің вагонына «Солтүстік Қазақстанға»  баннерін тіркеген. Осылайша, олар «Ресей билігі тарапынан Қазақстанның орыстілді халқын қорғау бойынша батыл іс-қимыл жасау қажеттілігіне» назар аудартуға тырысқан. Айта кетейік, 10 қаңтарда полиция ұйымның штаб-пәтеріне тінту жүргізді. Нәтижесінде қауіпсіздік қызметкерлері кеңседе болған 14 адамды ұстады.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии