Әлихан Смайылов: Бар күш-жігерімізді аямай жұмыс істеуіміз қажет

1924
Adyrna.kz Telegram

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жаңартылған құрамда Үкіметтің алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жаңадан тағайындалған ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, энергетика министрі Болат Ақшолақов, әділет министрі Қанат Мусин, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров мемлекеттік қызметші антын берді.

«Бүкіл еліміздің басына ауыртпалық түсіп тұрған қазіргідей күрделі кезеңде біз Мемлекет басшысының зор сенімін ақтауымыз керек. Біздер – Үкіметтің жаңа құрамы, халықтың өмір сапасын жақсартуға, экономиканың өсімін сақтауға және пандемияны еңсеруге, лаңкестер мен бұзақы-тонаушылар келтірген орасан шығындарды қалпына келтіруге, елімізді жаппай дағдарыстан шығаруға бағытталған Президент тапсырмаларын орындау үшін бар күш-жігерімізді аямай жұмыс істеуіміз қажет. Бұл – осындай аса ауыр жағдайда әлі ешқандай Үкіметтің алдында болып көрмеген өте күрделі де ауқымды міндет. Халық біздің жұмысымыздан нақты нәтиже күтеді», —деді Ә. Смайылов.

Отырыста ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер