ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінде egov.kz порталынан QR-код арқылы алуға болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін жариялады деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсіп министрлігіне сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, QR-код арқылы алуға болатын қызметтерді осы айда ұсыну үшін техник мамандар жұмыс істеуде. QR-код арқылы алуға болатын алғашқы мемлекеттік қызметтер:
- некені тіркеу
- баланың тууын тіркеу
- балабақша кезегіне қою
- заңды тұлғаны тіркеу
- салық есебін қабылдау (250 форма)
Новости по теме
В Актау с помощью Telegram-чат-канала «Акимат Мангистауской области» решается вопрос по вывозу мусорных свалок
