Маңғыстауда жол бойында Audi көлігі өртеніп кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Ажырна” ұлттық порталы.
Оқиға 12 маусымда Ақтау-Жетібай жолының Мұнайлы ауданындағы учаскесінде болған.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қоңырау 12:52-де түскен. Оқиға орнына төрт өртсөндіруші шығып, сағат 13:23-те өртті ауыздықтаған.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Еске салайық, маусымның басында Қарақия ауданында жол бойында жартылай тіркемесі бар "Мерседес" тракторы өртенген болатын.
”Адырна” ұлттық порталы
Новости по теме
Начался конкурс на заключение долгосрочных договоров с отечественными фармпроизводителями по 1659 наименованиям лекарств и медизделий