БҚО-да 4 жасар баланы тоқ ұрып, екі қолынан айырылды

3065
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/0fb89f2c-6429-475a-aff9-2995f3af2243-960x500.jpeg?token=1b7db9946792e5f2c576e43e5db40e9d
Батыс Қазақстан облысының Жаңақазан ауылында 4 жасар баланы тоқ соғып, нәтижесінде бүлдіршін екі қолынан айырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Ол электр станциясының аумағына кіріп кеткен. Бала облыстық ауруханаға жедел жеткізілген. Алайда жарақаты ауыр болғандықтан, дәрігерлер ампутация жасауға мәжбүр болды. Зардап шеккен Аманжол Сисенғалиев отбасындағы 4 баланың кішісі. Мамандар жағдайы орташа ауыр деп бағалап отыр. Қазіргі таңда еріктілер қор құрып, балаға протез алу үшін қаражат жинауға кірісті. Айта кету керек, аймақта электр тораптарының 83% әбден ескірген. Тозған желілер жиі үзіліп, адамға да, малға да қауіп төндіріп отыр. Ал тұрғындар сала мамандары салғырт деп ашынады. Оқыс жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Комментарии