«Астана-керамика» кірпіш зауытының маңында 46 жастағы ер адам тоққа түсіп, көз жұмды

3174
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/suicide-1044x783-1.jpg
«Астана-керамика» кірпіш зауытының маңында 46 жастағы ер адам тоққа түсіп, көз жұмды. Бұл туралы Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 
«Шілденің 1-інде Целиноград аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарласып, «Астана-керамика» кірпіш зауытының маңында жүк автокөлігімен жұмыс істеу кезінде 1976 жылғы ер адамның тоқ соғып, көз жұмғанын айтты», - делінген хабарламада. 
 Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

"Адырна" ұлттық порталы 

 
Комментарии