Шымкенттік оқушы әлемнің 47 университетінен стипендия ұтып алды

1097
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wa6ScSOQ9wnfhvaoKR0gJ75pPsQvdpUPGdG4EB6a.webp

Шымкентте «Жалын» мектебінің 11 сынып оқушысы Бергей Өмірбай қаржы мамандығы бойынша әлемнің 47 университетінен ресми шақырту алды. Бұл туралы Шымкент қалалық білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, ұсынылған гранттар мен стипендиялардың жалпы құны 979 000 долларды құрады.

Бергейді шақырған жоғары оқу орындарының қатарында АҚШ, Еуропа және Азияның бірқатар беделді университеті бар. Атап айтқанда:

  • АҚШ университеттері: DePaul University, Drexel University, Loyola University New Orleans, Florida Southern College, Susquehanna University, Whitworth University, Albion University, Canisius University, McKendree University және т.б.;
  • Азия университеті: Xiamen University (Малайзия).

Академиялық көрсеткіштері:

  • IELTS – 6.5;
  • SAT – 1290 балл.
  •  

Бергейдің сүйікті пәндері – математика және ағылшын тілі. Бұл пәндер оның логикалық және коммуникативтік ойлау қабілетін дамытты, болашақ қаржы саласындағы мансабына берік негіз қалады.

Сонымен қатар ол қытай және түрік тілдерін меңгеріп жатыр, әртүрлі мәдениеттерге қызығушылық танытып, өзін жан-жақты дамытып келеді.

«Бұл жетістігіме мектебімнің, ұстаздарымның және кәсіби бағыт-бағдар берген мамандардың қосқан үлесі зор», – дейді Бергей Өмірбай.

Комментарии