Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Алматы қаласының маңында, нақтырақ айтқанда Төңкеріс – Байсерке тас жолында болған.
«Төңкеріс – Байсерке автожолында орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің ресми жауабында.
Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше Әсет Масабаевтың жағдайы тұрақты.
«Жол апатынан кейінгі пациенттің жағдайы тұрақты деп бағаланады, ол есін біледі. Алматы облысында бекітілген хаттамаға сәйкес медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кетейік, 2023 жылы Асет Масабаев Талдықорған қаласының әкімі болып тұрған кезінде де жансақтау бөліміне түскен. Ол кезде оның ауруханаға “жүйке жүйесінің сыр беруіне байланысты” түскені хабарланған еді.
Обеспечение благополучия детей – приоритет государства: в Казахстане треть населения составляют дети