20 шілде күні Индонезиядағы Сулавеси аралы маңында жолаушылар паромында өрт шықты, жеп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Associated Press-тің мәліметәнше өрттен қашқан жолаушылардың кейбірі тіпті тура суға секіріп кеткен.
KM Barcelona 5 паромы Талауд аралдық ауданынан шығып, Индонезиядағы Манадо портына бет алған. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, өрт шыққан кезде кемеде 200-ден астам жолаушы болған.
Оқиға салдарынан кемінде бес адам қаза тапты, олардың арасында жүкті әйел де бар. Сонымен қатар, 280-нен астам адам эвакуацияланған
Құтқару жұмыстарына әскери-теңіз күштерінің үш кемесі мен жергілікті балықшылар жұмылдырылған. Олар жолаушыларды көрші аралдарға жеткізген.
Өрттің нақты себебі әзірге белгісіз.
Новости по теме