Қарағандыда кәріздік-насостық станцияда жұмыс жүргізу кезінде коммуналдық кәсіпорынның екі қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қайғылы оқиға Фёдоровка ауданындағы жетінші кәріздік-насостық станцияда орналасқан құдықтардың бірін тазарту кезінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшылар жабық кеңістікте метан газынан улану салдарынан тұншығып қалған.
“Бұл дерек расталды. ‘Қарағанды Су’ ЖШС-нің екі қызметкері қызметтік міндеттерін орындау барысында көз жұмды”, — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Еңбек инспекциясы тарапынан тексеру басталды, сондай-ақ оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.
Новости по теме