40-тан астам адам қаза тапты. Ресейде құлаған ұшақтың бейнесі тарады

1898
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/om3yFb4DyovN7q2MWck5BM2j9hWlCzCADcxHaB1z.webp

Ресейдің Амур облысында АН-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті хабарлап, апат орнынан түсірілген видеоны жариялады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұшақ бортында 46 адам болған. Бейресми деректерде, олардың саны 49 деп көрсетілген.

Ұшақ "Ангара" әуе компаниясына тиесілі және Хабаровск – Благовещенск – Тында бағытындағы рейсті орындап келе жатқан. Апат салдарынан барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері қаза тапқан болуы мүмкін деген ақпарат тарады.

Ұшақтың қалдықтары Тында қаласынан 15 шақырым жерден табылды. Қазіргі таңда апат орнына 25 құтқарушы мен 5 арнайы техника жіберілген. 

Оперативті қызмет өкілдері апат салдарын анықтау жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді. Ұшақтың фрагменттері кең аумаққа шашылып кеткен.

Апаттың нақты себебі мен жолаушылар тізімі әзірге жарияланған жоқ. Тергеу жалғасуда.

Комментарии