Путинмен кездесер алдын. Трамп Лукашенкомен сөйлесті

1024
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SCXEUpu8VVBbXtrQBpdf8f76dyhJAlbhB6vFdGTW.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп 15 тамызда Беларусь президенті Александр Лукашенкомен 1 300 тұтқынды босату мәселесін талқылағанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

"Беларусь Республикасының аса құрметті президенті Александр Лукашенкомен тамаша әңгіме өткіздім. Қоңыраудың мақсаты – 16 тұтқынды босатқаны үшін алғыс айту. Сондай-ақ тағы 1 300 тұтқынды босату мүмкіндігін талқыладық. Әңгімеміз өте жақсы өтті", - деп жазды президент.

Оның айтуынша, олар көптеген тақырыпты, соның ішінде президент Путиннің Аляскаға сапарын да сөз еткен.

"Болашақта президент Лукашенкомен кездесуді асыға күтемін. Бұл мәселеге назар аударғаны үшін алғыс айтамын!", - деп қорытындылады Трамп.

Комментарии