22 тамызда Түркіменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев және Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеев жоғары деңгейдегі үшжақты кездесу аясында өткен мәдени шараға қатысты.
Салтанатты іс-шара барысында 2007 жылы Батыр-Арқадағтың бастамасымен құрылған ұлттық ат ойындары тобы — «Галкыныш» өнер көрсетті. Қатысушылар көркем ақалтеке жылқыларының үстінде орындалған шабандоздардың шебер нөмірлерін үлкен қызығушылықпен тамашалады.
Мерекелік кеш соңында мәртебелі қонақтарға құрмет көрсету рәсімі өтті.
Кездесуге қатысқаны, келіссөздердің нәтижелі өтуіне қосқан үлесі және қолдауы үшін бауырлас екі елдің басшыларына Түркіменстан президенті мен Батыр-Арқадағтың атынан сыйлықтар табысталды.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке Түркіменстан президенті, Батыр-Арқадағ және бүкіл түркімен халқының атынан "Тавус" атты алтын түсті ақалтеке тұқымды сәйгүлік тарту етілді.
Содан кейін бауырлас Өзбекстанның көшбасшысы Шавкат Мирзиеевке ботасымен қоса бір түйе сыйға берілді.
Бауырлас елдердің көшбасшыларымен бірге естелік суретке түскен Батыр-Арқадағ оларды ерекше сыйлықтарымен құттықтады.
Одан соң Түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы Әзербайжан және Өзбекстан президенттеріне сыйлықтарға қатысты ресми құжаттарды табыстады. Ел басшылары бұл сыйлықтарды өз елдері мен халықтарына деген терең құрметтің белгісі ретінде қабылдап, Түркіменстан президентіне, Батыр-Арқадағқа және бүкіл түркімен халқына шынайы алғыстарын білдірді.