Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестігі өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісі - Тоқаев

1686
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/sBKyhMcXUKPFi2AmHzlSTVOeUi5u4R0gwLwzaKzx.png

Қазақстан Президенті Қытайдың China Daily басылымына мақала жариялап, екі ел арасындағы тарихи достық пен стратегиялық серіктестікті атап өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет басшысының мақаласына сәйкес, Қазақстан мен Қытай бүгінде көпқырлы әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісін көрсетіп отыр.

Қытай Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктесіне айналды. 2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы рекордтық 44 млрд долларға жеткен. 2005 жылдан бері қытайлық компаниялар Қазақстан экономикасына 27 млрд доллардан астам инвестиция салды. Қазіргі уақытта елімізде 6 мыңға жуық қытайлық қатысы бар кәсіпорын жұмыс істейді.

Тоқаев Қазақстанның «Бір белдеу, бір жол» бастамасындағы маңызды рөлін атап өтті. Транскаспий халықаралық көлік дәлізі елімізді Қытай, Орталық Азия және Еуропаны жалғайтын негізгі транзиттік хабқа айналдырған. 2024 жылы іске қосылған Достық–Мойынты теміржол желісі дәліздің өткізу қабілетін бес есе арттырды. Сондай-ақ Сианьда сауда-логистикалық орталық, Ақтау портында қытайлық Ляньюньганмен бірлескен контейнерлік хаб ашылды.

Энергетика саласында Қазақстан – Қытай мұнай құбырының кеңеюі мен мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жобалары жүзеге асуда. Ауыл шаруашылығы бойынша 2024 жылы қазақстандық өнім экспорты Қытайға 10 пайызға артқан. Қытай инвесторлары көкөніс, астық және мақта өңдеу жобаларына белсенді қатысуда.

2024 жыл Қытайдағы «Қазақстан туризм жылы» ретінде табысты өтті. Ал 2025 жыл Қазақстандағы «Қытай туризм жылы» болып жарияланып, екі халық арасындағы мәдени байланысты нығайта түспек.

Қазақстан мен Қытай Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында да белсенді әріптестік орнатып отыр. Президент Тоқаевтың айтуынша, алдағы уақытта Тяньцзиньде өтетін ШЫҰ саммиті Еуразиядағы тұрақтылық пен өркендеуге жаңа серпін береді.

Комментарии