Қазақстанның халық әртісі Сапар Өтемісұлы дүниеден өтті

2705
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Cd0OOD062ocrmuCWUVkYRDBvcPl29urNxW4MbhAl.jpg

Қазақстанның халық әртісі Сапар Өтемісұлы дүниеден өтті. Қаралы хабарды мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жеткізді, деп хабарлайды "Адырна".

«Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері Сапар Өтемісұлының өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына, туған халқына қайғыра көңіл айтамыз», – делінген ақпаратта.

Сапар Өтемісұлы – 60 жылдан астам уақыт бойы өнерде жүрген әртіс.

«Өтемісұлы Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының өсіп-ілгерілеуі жолында тынбай тер төккен ұлттық театр өнерінің шоқтығы биік тұлғалардың бірі. Ол жүздеген рөлі арқылы қазақ сахнасының өрісін кеңейтіп, көрерменнің жүрегіне жол тапқан шынайы өнер иесі еді», – делінген ақпаратта.

Комментарии