Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында екінші және үшінші атом элекир станциясын салуды жоспарлау қажет екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президенттің айтуынша, алдағы бес жылда қуаты 6,3 гигаватт болатын жаңа «жасыл» энергия нысандарын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесін айтарлықтай арттырмақ.
Президент бір ай бұрын Алматы облысында алғашқы атом электр станциясын салу жобасы «Росатоммен» бірлесе басталғанымен, бұл экономиканың тұрақты дамуы үшін жеткіліксіз екенін айтты.
«Екінші, тіпті үшінші атом электр станциясының құрылысын қазірден бастап жоспарлай беруіміз керек», – деді Тоқаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы жуырда Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуде атом саласындағы стратегиялық серіктестікке қол жеткізілгенін атап өтті.
Қазақстан әлемдік ірі компаниялардың барлығымен өзара тиімді байланыс орнатуға дайын екенін жеткізген Президент бұл ұстаным елдің энергетикалық дербестігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.
Казахстанские дети получат возможность тренироваться в футбольной Академии Испанского клуба "Атлетико Мадрид"