Непалдағы наразылық. Премьер-министр отставкаға кетті

1902
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/c9NbNDGUFu2gHENTviB27Jbq2z7aVKPAzyLjsS1S.webp

Непал премьер-министрі Шарма Оли елдегі жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты отставкаға кетті. Бұл туралы India Today жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ел президенті Рам Чандра Паудел оның өтінішін қабылдап, жаңа үкімет басшысын таңдауды бастаған. Сондай-ақ ұлттық-демократиялық партияның барлық мүшесі де отставкаға кеткен.

Сейсенбі күні елде үкіметке қарсы митинг болып, наразылыққа шыққандар Катмандудағы үкімет кешеніне баса-көктеп кірген болатын. Олар парламент ғимаратын, Жоғарғы сотты, билеуші ​​«Непал конгресі» партиясының орталық кеңсесін және премьер-министрдің резиденциясын өртеп жіберген.

Непал әскері министрлерді олардың резиденцияларынан тікұшақтар арқылы эвакуациялаған. Қаржы министрі Бишну Прасад Паудельді наразылыққа шыққандар соққыға жыққан.

Қазіргі таңда Катмандудағы әуежай жабылып, барлық рейс тоқтатылды.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша  Непалдағы наразылық кезінде 21 адам қаза тапқан.

Комментарии