БҰҰ Израильдің әрекетін геноцидке теңеді

1653
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ABJU56WvapbaawYuFrWWYiPxEHPiiTLj2qIU1LsP.jpg

БҰҰ-ның тәуелсіз халықаралық комиссиясы Израильдің Газа секторындағы әрекеттерін геноцид деп таныды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Комиссияның есебінде израиль билігі палестиналықтардың ұрпақ өрбіту әлеуетін жоюға бағытталған шаралар қабылдап, олардың тіршілік жағдайын әдейі ауырлатқаны айтылған.

Комиссия төрайымы Нави Пиллай:

«Комиссия Израильдің Газа секторында геноцид жасағаны үшін жауапты деп қорытындыға келді. Бұл жауапкершілік палестиналықтарды қорлайтын ашық мәлімдемелер жасап отырған Израиль билігінің жоғарғы эшелондарына жүктеледі», – деді.

Есепте Израильдің қауіпсіздік күштері Конвенцияда көрсетілген бес геноцидтік әрекеттің төртеуін жүзеге асырғаны көрсетілді. Нақтырақ, жаппай өлтіру, ауыр дене және психологиялық зиян келтіру және жоюға бағытталған өмір сүру жағдайларын жасау, ұрпақ өрбітуге шектеу қою.

Сонымен қатар, комиссия гуманитарлық көмекті бұғаттау, әдейі аштық туғызу, денсаулық сақтау мен білім беру жүйелерін қирату, палестиналықтарға қарсы жүйелі сексуалдық және гендерлік зорлық-зомбылық фактілерін тіркеді.

«Халықаралық қауымдастық геноцидтің айқын белгілері пайда болғанда үнсіз қала алмайды. Әрекетсіздік – соучастықпен тең», – деп қосты Нави Пиллай.

Бұған қоса, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесі Израильдің Катарда ХАМАС саяси жетекшілігіне жасаған соққысынан кейін шұғыл дебат өткізді. Шабуыл кезінде алты адам қаза тапқан, олардың бесеуі ХАМАС мүшелері болған. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бұл әрекетті Катардың егемендігін бұзу деп атады

Комментарии