Францияның жаңа премьері үкімет мүшелерінің өмір бойғы жеңілдіктерін жоймақ

1053
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/tqUpA147RGS1iMZhSag1DPLzdGqkEO78oQOde2Vc.webp

Францияның жаңадан тағайындалған премьер-министрі Себастьен Лекорню бұрынғы үкімет мүшелеріне берілетін өмір бойғы жеңілдіктердің күшін жоятындығын мәлімдеді. Бұл туралы ол X желісінде жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, бұйрық 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

«Республика қауіп-қатерге ұшыраған тұлғаларды қорғауы тиіс, алайда олардың уақытша атқарған қызметі үшін өмір бойы жеңілдіктерді пайдалана беруі  — ақылға қонымсыз нәрсе»,– деді ол.

Премьер-министр мұндай жеңілдіктердің бірі полициялық қорғау екендігін мәлімдеді. Оның сөзінше, алдағы уақытта бұл жеңілдік тек экс-премьер-министрлер мен ішкі істер министрлеріне ғана шектеулі мерзімге беріледі және нақты қауіп-қатердің деңгейіне қарай ғана ұзартылатын болады.

Қазіргі таңда Франция заңы бойынша экс-шенеуніктер 67 жасқа дейін қызметтік көлік пен жүргізушіні, сондай-ақ жеке хатшыны 10 жыл бойы пайдалу құқығына ие.

Ресми деректерге сүйенсек, 2019 жылы мемлекет бұрынғы шенеуніктердің қызметтік көлігі мен көмекшілері үшін шамамен 1,6 млн еуро, ал олардың полиция қорғауы үшін тағы 2,8 млн еуро қаржы бөлген.

Айта кетейік, бұған дейін Францияның жаңа премьер-министрі бюджет тапшылығын азайту үшін екі мемлекеттік мерекені алып тастау туралы Франсуа Байрудың ұсынысынан бас тартқан еді.

 

 

Комментарии