Астана маңында батпаққа батып қалған әйел екі тәуліктен соң құтқарылды

773
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Астана қаласының маңында екі күн бойы хабарсыз кеткен әйел аман-есен табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеп.

30 шілде күні кешке полицияға қала тұрғынының жоғалғаны туралы ақпарат түскен. Туыстарының айтуынша, ол танысымен бірге табиғат аясында демалуға барған, алайда сөзге келіспей қалғаннан кейін жалғыз кетіп, байланысқа шықпай қойған. Сол сәттен бастап оның телефоны да сөндіріле бастаған.

Іздеу жұмыстарына полиция, төтенше жағдайлар қызметі, кинологтар және «АСАР» еріктілер тобы жұмылдырылды. Екі күнге созылған іздестіру нәтижесінде 1 тамыз күні кешке әйел белінен төмен батпаққа батып қалып, өздігінен шыға алмай отырған жерінен табылды.

Құтқарушылар мен еріктілер оны қауіпсіз жерге шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырған. Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің өміріне қауіп жоқ, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Комментарии