Екі айда аймақта жетінші бала өзіне-өзі қол салды

2100
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0P1VYQLF4X4RFHOc7f6qZ5ThoJrlw3CfXOvXFamV.jpg

Таразда 14 жастағы оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызды құтқарып қала алмады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 23 қыркүйекте болған. Анасы біраз уақытқа үйден шығып кеткенде, қызы қорада асулы күйде табылған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның көз жұмғанын растады.

№26 орта мектептің 9-сынып оқушысының мұндай қадамға не үшін барғаны белгісіз. Қазір полиция қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 3-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, қаза болған қыз – соңғы екі айда өңірде өмірімен қош айтысқан жетінші бала. Облыстық білім басқармасы бұл жағдайға байланысты облыстық психологиялық қолдау орталығының жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді.

«Отбасыға қажетті психологиялық көмек көрсетілді. Айта кету керек, марқұм ешқандай есепте тұрмаған, үлгерімі жақсы болған, сабырлы, айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста болған. Тәртіп бұзу фактілері тіркелмеген»,– делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, жаз айларында Жамбыл облысында бірнеше күн айырмашылықпен Түймекент пен Дихан Байзақ аудандарындағы ауылдарда 2 жасөспірім, сондай-ақ Тараз қаласында бір бала өз-өзіне қол жұмсаған еді.

 

Комментарии