Экс-президент қызының активтері ауыл мектептеріне жұмсалмақ

1290
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/B06U7jX8d8dgLGnr31lENBxGDxDAbdbf68qRajZh.jpg

Өзбекстандағы «Ишонч» қорының басқарушы комитеті Швейцариядан қайтарылған Гүлнара Кәрімованың активтерінен 20 млн долларды ауылдық мектептердің жағдайын жақсартуға бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ферғанаға сілтеп.

Бұл туралы БҰҰ-ның Өзбекстандағы өкілдігі хабарлады.

1 қазаннан басталатын жоба аясында республика бойынша кемінде 45 ауыл мектебі жөндеуден өтеді. Оқу орындары ауыз сумен, заманауи санитарлық жағдаймен, жылыту жүйесімен және экологиялық таза энергия көздерімен қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде энергия тұтыну 30%-ға, ал парниктік газдар шығарындылары 50%-ға азаяды.

Жоба 31,5 мыңнан астам оқушыға, соның ішінде қыз балаларға қолайлы жағдай жасамақ. Сонымен бірге 2 700 педагог пен мектеп қызметкері климаттық тұрақтылық, су мен санитария мәселелері бойынша арнайы курстан өтпек.

Комментарии